Абайұлы Әлинұр
Ортаңғы “Ақбота” тобы
Жолда абай болайық
Балаларға жолда қауіпсіз жүру ережелерін үйрету, бағдаршамның түстерін ажыратып, жол белгілерін таныстыру. Жаяу жүргіншілер жолымен дұрыс жүруге, көшеде сақтық танытуға және жол қозғалысы ережелерін күнделікті өмірде сақтауға тәрбиелеу.
Ересек “ Ақбота” тобы
Тәрбиеші : Умирбаева К.Б
https://urpak-aktobe.kz/kz/za-men-t-rtip.html#sigFreeIdf28f1728fc
Балаларға күнделікті өмірде сақталатын қарапайым ережелерді ертегі арқылы түсіндіру; дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырата білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, үлкендерді сыйлауға, достарына көмектесуге және тәртіпті болуға тәрбиелеу Балалардың қауіпсіздік, әдептілік және тәртіп ережелері туралы түсініктерін ертегі арқылы қалыптастыру, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы балаларға жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажыратуға үйрету, ережені сақтауға тәрбиелеу.
Балаларға ережені сақтаудың маңызын түсіндіру, қауіпсіз әрі әдепті болуға тәрбиелеу.
Ересек”Ақбота “ тобы
Тәрбиеші:Умирбаева К.Б
“Жолда жүру ережесі”
Балаларға жолда жүрудің қарапайым әрі маңызды ережелерін қызықты ойындар арқылы үйрету.
Бағдаршамның түстерін танып, қызыл – тоқта, сары – дайындал, жасыл – жүр екенін есте сақтауға үйрету.
Жаяу жүргіншілер жолағымен дұрыс өтуге, көліктерден сақ болуға дағдыландыру.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтауға, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
“Қарлығаш” және “ Еркемай” топтары.
“Шалқан” ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлерді ажыратып, олардың іс-әрекетін сипаттауға үйрету. Балалардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау және қиял қабілеттерін дамыту. Ертегі арқылы бірлікке, достыққа, ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
“Қарлығаш” және “ Еркемай” мектепалды тобы
Бүгін балабақшамызда мереке көңіл-күйі орнады! Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – біз үшін ең үлкен бақыт!
Балалардың күлкісі – біздің ең үлкен бақытымыз!
Бүгін балабақшамызда ерекше көңілді күн өтті. Балаларымызға театр күніне көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында аниматор шақырылып, қызықты ойындар, көңілді билер мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Әр бүлдіршіннің жүзінен шаттық пен қуаныштың лебін көру – біз үшін ең үлкен марапат.
Балалық шақ – ең бақытты әрі ұмытылмас кезең. Сол себепті әр күнімізді балалар үшін ерекше, жарқын әсерге толы етіп өткізуге тырысамыз. Бүгінгі мереке бүлдіршіндеріміздің жүрегінде ұзақ сақталатын әдемі естелік болып қаларына сенімдіміз.
Балалардың жарқын күлкісі ешқашан сөнбесін, әр күні осындай шаттық пен қуанышқа толы болсын!
“Қарлығаш” және “ Еркемай” мектепалды тобы.
«Ережелер туралы ертегі»
«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша
Ересек «Көгершін» тобының тәрбиеленушілері арасында балаларға әдептілік пен тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Ережелер туралы ертегі» атты тәрбиелік жұмыс ұйымдастырылды.
Балаларға жақсы таныс «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлері арқылы күнделікті өмірде кездесетін дұрыс және бұрыс әрекеттер көрсетіліп, балалардың бойына әдептілік, ұқыптылық, қауіпсіздік және тәртіп сақтау дағдылары қалыптастырылды.
Ертегі барысында лақтар әртүрлі әрекеттер жасап, ешкі кейіпкері әрқайсысына түсінікті түрде «Болмайды!» деп ескертіп отырды:
Мұндай ойын түріндегі жұмыстар балалардың ережені жай ғана тыңдап қоймай, оны іс-әрекет арқылы түсініп, күнделікті өмірде қолдануына мүмкіндік береді.
Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік бар!
Әдепті бала – ережені сақтайды!
Ережені сақтау – өзіңді және өзгелерді құрметтеу!
Ересек «Көгершін» тобы
Тәрбиеші: Әбдіғалиева Г.А.
Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубының мүшесі, Ақтөбе қаласы полиция басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлімшесінің инспекторы Пангерей Жанаргүл Бекболатқызы келіп “Педагог және Заң” тақырыбында ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ересек “Көгершін” тобы
Тәрбиеші: Әбдіғалиева Г.А.
«Ата заңым-ардақты!»
Тақырыбы: «Ата заңым – ардақты!»
Мақсаты: Ата заң туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту.
Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Отанын қорғауға, сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа,
достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиешілер: Мустафина Л.А Оразова Б.Т
Ортаңғы “Балбапан”, “Балбөбек” тобы. Тақырыбы: “ Ата Заң - тәуелсіздіктің тұғыры.” Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.Балалардың өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Ересек «Ақбота» тобы«Заң және тәртіп»
Заңға құрмет – елге құрмет. Тәртіп пен жауапкершілік әр азаматтың бойынан табылуы тиіс маңызды қасиеттердің бірі. Балаларға кішкентай кезінен бастап құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, әділдікке, сыйластыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу – ортақ міндетіміз.
Тәртіп бар жерде – береке бар, заң үстемдік еткен жерде – тұрақтылық пен даму болады.
Ересек “Көгершін” тобы және ересек “Ақбота” тобы
Тәрбиеші: Мұстафина Л.А.
Оразова Б.Т.
Тақырыбы:”Заң мен тәртіп”
Мақсаты:Балаларға жол қауіпсіздігін ережелерімен таныстыра отырып бір -бірімен достық қарым қатынас орната отырып ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
“Көгершін” ересек тобы
Тақырыбы: “Заң мен тәртіп”
Мақсаты:Балалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру. Балаларды тәртіптілікке, жауапкершілікке, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауға, үлкендерді құрметтеуге және достарымен сыйластық қарым-қатынас жасауға баулу.
“Қарлығаш” мектеп алды тобы
“Заң мен тәртіп” аясында “ Мамандықтармен таныстыру”
Мақсаты:Балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсіндіру, сөздік қорын байыту және болашақ мамандыққа қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
* Балаларға негізгі мамандықтар туралы түсінік беру;
* Әр мамандықтың атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету;
* Сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;
* Еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
“Қарлығаш” және “ Еркемай” мектепалды топтары.

«Заң және тәртіп» “Көгершін” “Ақбота” тобы«Заң және тәртіп»

“Заң мен тәртіп”бағларламасы аясында МАД”Еркемай”тобында “Тәртіп пен ұқыптылық” атты ұжымдық еңбек,практикалық әрекет жүргізілді.
Мақсаты:
Балаларды тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, тазалықты сақтауға, өз заттарына жауапкершілікпен қарауға және жинақылық дағдыларын қалыптастыру.Топ ішіндегі кезекшілікті атқаруға баулу.
Тәрбиешілер:Тогузбаева Г.Ж., Орынбекова А.А.
#заңментәртіп
“Тәртіп пен ұқыптылық” бағдарламасы аясында( ұжымдық еңбек, практикалық әрекет)
Мақсаты:
Балаларға өсімдіктердің өсу процесі туралы түсінік беру, пияз отырғызу арқылы еңбекке баулу, табиғатты сүюге және күтіп-баптауға тәрбиелеу. Қол моторикасын, бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту.
Мектепалды “Қарлығаш” тобы
Тәрбиешілер: Нажимова Л.М
Мерекешова Г.Е
Ересек “Көгершін” тобы Тақырыбы: “Тәртіп пен ұқыптылық”
Мақсаты: Балалардың күнделікті өмірде, дұрыс әдеттерді қалыптастыруына және тұлғалық дамуына жағдай жасау. Балаларды тәртіпке баулу.
«Бірге ойнаймыз» (сыпайы қарым-қатынас)
Мақсаты:
Балаларды бірге ойнауға, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға және сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ортаңғы “Балапан” тобы
Тәрбиешілер: Оразова Б.Т.
Умирбаева К.Б.
«Бірге ойнаймыз» тақырыбындағы іс-әрекетіміз өте қызықты өтті
Балалар түрлі-түсті таяқшалар арқылы әртүрлі пішіндер құрастырып, қиялдарын еркін дамытты. Бірге ойнау барысында олар бір-бірімен тіл табысып, топпен жұмыс істеуді үйренді.
Мақсаты:
Ұсақ моториканы дамыту
Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру
Қиял мен шығармашылықты арттыру
Бірлесе әрекет ету дағдыларын қалыптастыру
Балалар үшін ойын – ең тиімді оқу құралы. Бүгінгі күніміз қуаныш пен жаңа тәжірибеге толы болды
Ортаңғы “Балбөбек” тобы
Тәрбиеші:Әбдіғалиева Г.А
Тақырыбы: “Бірге ойнаймыз”
Мақсаты:Балаларды бірлесе ойнауға үйрету, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, қиялын және тілін дамыту.
“Ақбота” ересек тобы
Тәрбиеші: Жумабаева Г.С
Тақырыбы: «Әр ойыншықтың өз орны бар» ойыны
Мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Ойыншықтарды дұрыс пайдаланып, өз орнына қою дағдысын қалыптастыру.
Тәртіп сақтауға және жауапкершілікке үйрету.
Заттарды топтастыра білу (түріне, түсіне, көлеміне қарай) қабілетін дамыту.
Кеңістікті бағдарлай алу (қай жерде не тұратынын есте сақтау) дағдысын жетілдіру.
Ұжыммен бірге жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
МАД”Еркемай”тобы
Тәрбиешілері: Тогузбаева Г.Ж., Орынбекова А.А.
#балабақша #тәртіпті_өзіңнен_баста
«Әр ойыншықтың өз орны бар» тақырыбының
Мақсаты :
– Балаларды ойыншықтарды ұқыпты пайдалануға үйрету
– Әр заттың өз орны болатынын түсіндіру
– Тазалық пен тәртіпке тәрбиелеу
– Жинақылық дағдыларын қалыптастыру
– Жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу
– Өздігінен жинап, ретке келтіру әдетін дамыту
Мектепалды “Қарлығаш” тобы
Тәрбиешілер: Нажимова Л.М
Мерекешова Г.Е
“Әр ойыншықтың өз орны бар”
Мақсаты:
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа және тәртіпке тәрбиелеу; ойыншықтарды өз орнына жинап қою дағдысын қалыптастыру; жауапкершілік сезімін арттыру және ұйымшылдыққа баулу.
“Көгершін” ересек тобы
“Түрлі түсті доптарым”
Балалардың түстерді ажырата білу қабілетін дамыту, зейінін, есте сақтауын және қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру. Доппен ойындар арқылы ептілікке, дәлдікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, бірлесіп ойнауға және тәртіп сақтауға үйрету
Ортаңғы “Балапан” тобы
Тәрбиешілер: Оразова Б.Т
Умирбаева К.Б
«Тыңдаймыз және ойнаймыз»
Біздің бүлдіршіндермен өте қызықты іс-әрекет өтті! Балалар әртүрлі музыкалық аспаптармен танысып, олардың дыбыстарын тыңдап, ажыратуды үйренді.
Сонымен қатар, рөлдік-сюжеттік ойын арқылы кішкентай әртістеріміз театр қойылымын сахналады. Олар кейіпкерлердің рөлін сомдап, өз өнерлерін көрсетті.
Бұл іс-әрекет балалардың шығармашылығын дамытып, қиялын ұштап, топпен жұмыс жасауға баулыды.
Кішкентай өнерпаздарымызға жарайсыңдар!
Ортаңғы “Балбөбек” тобы
Тәрбиеші: Мұстафина Л.А.
#балабақша #театр #музыка #балаларшығармашылығы
Фонометиялық естуді дамыту- баланың зейінің, естуін және дыбыстарды ажырату қабілетін күшейтеді
“Ақбота” ересек тобы
Тәрбиеші:Байділдақызы Ақнұр