Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымға тағайындау қағидалары негізінде №30 “Ұрпақ" бөбекжай-балабакшасының уақытша бос орындарына (қазақ тобының тәрбиешісі) конкурстық тәртіппен 1 педагог жұмысқа қабылданды.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ

№30 «Ұрпақ» бөбекжай-балабақшасы МКҚК

Бос лауазымға ашық конкурс жариялайтындығын хабарлайды.

№30 «Ұрпақ» бөбекжай-балабақшасында 1,0 бірлік жүктемемен тәрбиеші лауазымына, 1,0 бірлік жүктемесімен музыка жетекшісі лауазымына орын бар екендігін хабарлайды. Конкурсқа қатысқысы келетін азаматшалардың төмендегідей қажетті құжаттарын хабарландыру жариялаған уақыттан бастап,  7 жұмыс күн ішінде мына мекен – жайда қабылдаймыз.

 

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, ГМЗ

Байланыс телефондары: 87711821582

Жұмыс телефоны: 8 (7132) 40-36-35

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

 Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7)  психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған  Бағалау парағы.
Құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күн ) конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялағанан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі. Конкурстың өту тәртібін осы сілтеме арқылы бойынша танысуға болады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/v1200007495