19 наурыз - Наурызнама онкүндігінің аясында Жаңару күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн табиғаттың оянуын, көктемнің келуін және қоғамдағы оң өзгерістерді бейнелейді.
Жаңару күні - ескіден арылып, жаңа қадамдарға жол ашатын уақыт. Бұл тек табиғаттың түлеуі емес, сонымен бірге адамның ішкі дүниесінің, ой-санасының жаңғыруы. Халық арасында бұл күні тал егу, айналаны абаттандыру және болашаққа жоспар құру дәстүрге айналған.
Табиғат оянады, көңіл түлейді.
Балабақшадағы жаңа леп пен қуанышты сәттер.
Болашаққа нық қадам!
“Ақбота” ересек тобы
Тәрбиешілері: Жумабаева Г.С
Байділдақызы А.






