Мемлекеттік рәміздер күніне орай балабақшамыздың педагогтері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.
Шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық бірлік пен елжандылық рухын нығайту.
Мемлекеттік Әнұранды орындау барысында педагогтер Отанға деген сүйіспеншіліктері мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың парызы.
Рәміздеріміздің мәртебесі биік, Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік болсын.