«Рәміздерім – мақтанышым»

«Қарлығаш» және «Еркемай» топтарының тәрбиеленушілерімен «Рәміздерім – мақтанышым» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат алып, олардың мәні мен маңызы жайлы білімдерін толықтырды. Балғындар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын түсінді.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, туған елге деген мақтаныш сезімін арттыру және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәуелсіз еліміздің рәміздерін құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы!