«Ұлттық мұра - цифрлық дәуірде» 

Бүгін біз балалармен бірге ұлттық құндылықтарды жаңа қырынан таныдық.
Ертегі кітапшасын ұсынып, слайд арқылы көрнекі түрде көрсетіп, жасанды интеллект көмегімен құрастырылған өлеңді тамашаладық. 

Заманауи технология мен ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, бүлдіршіндердің қызығушылығы артып, таным көкжиегі кеңейді. 

Біздің мақсатымыз - ұлттық мұраны сақтай отырып, оны цифрлық дәуірмен үйлестіру. 🇰🇿

Балалардың қуанышты сәттері - біздің ең үлкен жетістігіміз! 

Ортаңғы “Балбөбек” тобы

Тәрбиешілер: Әбдіғалиева Г.А.
Мұстафина Л.А.