“Ұлттық мәдениет” көрмесі
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қазақ халқының салт - дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікті ояту. Ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдары арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрме бірнеше бағытты қамтиды: ұлттық киімдер үлгісі, көне жәдігерлер (ыдыс - аяқ, торсық), қолөнер бұйымдары (ою - өрнектер, ши тоқу) және ұлттық аспаптар. Балалар мен ата - аналардың бірлесіп жасаған қолөнер туындыларына ерекше орын берілген.






