«Аяулы анашым» ертеңгілігі
Ортаңғы «Балбөбек» тобында аналарға арналған «Аяулы анашым» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Балалар өздерінің сүйікті аналарына арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Бүлдіршіндер аналарына деген махаббаттарын өнерлері арқылы көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ана - әр баланың өміріндегі ең қымбат жан. Осы мерекеде балалар аналарын қуантқан сәттері бәрімізге ерекше әсер қалдырды.
Барша аналарға зор денсаулық, бақыт және отбасыларына береке тілейміз!
Тәрбиешілер: Мұстафина Л.А.
Әбдіғалиева Г.А.






