Бүгін біздің балабақшамызда ерекше күн! Ата - аналарымызды құшақ жая қарсы алып, Көрісу күнін атап өттік. Көрісу - тек қол алысу емес, ол - өкпе - ренішті ұмытып, амандық тілеу, бауырласқан көңілдің белгісі. Жасымыз құтты болсын, ағайын!
Ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру - біздің басты мақсатымыз. Бүгін кішкентай бүлдіршіндеріміз үлкендердің бір - біріне деген құрметін көріп өсті. Амал мерекесі баршаңызға құтты болсын! ”
#амалмерекесі #балабақша #көрісукүні #тәрбие #наурыз