№ 15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мектеппен сабақтастық аясында балабақшамызға арнайы келіп, балабақша түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Мектепке шақыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балаларға мектеп өмірі туралы кеңінен ақпарат берілді. Болашақ ұстаздар оқушылармен жылы әңгімелесіп, мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Сонымен қатар, балаларды мектепке саяхатқа шақырып, алдағы уақытта мектеп табалдырығын сеніммен аттауға мотивация берді.
Осындай мазмұнды кездесулер балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, жаңа кезеңге қадам басуына оң әсерін тигізеді.






