Ақтөбе қаласындағы «№5 ЖББОМ» КММ-де 2025 жылдың 4-желтоқсаны күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізі-ұлттық құндылықты насихаттау, зияткерлік, танымдық, инновациялық заманауи технологияларын қалыптастыру» тақырыбындағы мектеппен балабақша арасындағы сабақтастыққа арналған семинар өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде ұлттық құндылықтарды жүйелі түрде насихаттай отырып, балалардың зияткерлік және танымдық әлеуетін дамытуға бағытталған инновациялық, заманауи технологияларды тиімді қолдану арқылы үйлесімді тұлға қалыптастыру. Семинарды «№5 ЖББОМ» КММ-нің директоры Г.С.Мырзагалиева,N30 “Ұрпақ” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі А.Б.Пангереева ашты. «Мектепалды сынып тәрбиеленушілеріне,бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған цифрлық білім беру ресурстарына шолу» директордың бастауыш кластар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К.Абдинагиева, N30 “Ұрпақ” бөбекжай-балабақшасының әдіскері Р.Ж.Тлеуова баяндамалары оқылды. № 30 «Ұрпақ» бала-бақша мектепалды «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері Л.М.Нажимова,Г.Е. Мерекешова «Еркемай» тобының тәрбиешісі А.А. Орынбекова өз тәжірибелерін ортаға салды. Мектепалды тәрбиешілері М.М.Текешова,К.Б.Длимбетова,Ж.Ө.Досымханова, Л.Т.Орақова, А.Д.Бектұрған өз іс-тәжірибелерін көрсетті. Семинарға қатысушылар практикалық тәжірибе жасау арқылы өздерінің іс-тәжірибесіне пайдаланатын әдіс-тәсілдерді меңгерді. Ж.Ө.Досымханованың «Сіз көрдіңіз,сіз тыңдадыңыз,сізге ұнағаны»!» рефлексиясымен семинар өз мәресіне жетті.






