“Кел Жаңа жыл, жаңа жыл”

Тәрбиешісі:Мустафина Л.А
Дүнбаева Б.С

Мектепалды даярлық «Еркем - ай” тобында “Кел Жаңа жыл, жаңа жыл” атты ертеңгілік өтті. Балалар жасыл шырша жанында орман жануарларымен бірге жаңа жылды қарсы алуға Аяз ата мен Ақша карды күтіп шырша шамдарын жағып, жақсы көңіл күймен ескі жыл Ұлуды шығарып салып жаңа Жылан жылын қарсы алды. Балалар әсем әндері мен билерін, тақпақтарын айтып, қызықты ойын ойнап Аяз атадан өз сыйлықтарын алып мәз болды. Келе жатқан жаңа 2025 жылымыз құтты болсын!!