16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күн
ҚР Тәуелсіздігінің 33 жылдық мерейлі мерекесі аясында №30 Ұрпақ бөбекжай-балабақшасында мектепалды даярлық “Еркем - ай” тобында “Тәуелсіздікке 33 жыл” атты мерекелік ертеңгілік аталып өтті. “Еркем - ай” тобының бүлдіршіндері ән - жырдан шашу шашып, тәуелсіздік, Отан туралы тақпақтар айтып, ұлттық ойындар ойнатылып балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлады.
Мақсаты: бүлдіршіндерімізге Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Мустафина Л.А






