Бүгін балабақшамызда мереке көңіл-күйі орнады! Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – біз үшін ең үлкен бақыт!
Балалардың күлкісі – біздің ең үлкен бақытымыз!
Бүгін балабақшамызда ерекше көңілді күн өтті. Балаларымызға театр күніне көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында аниматор шақырылып, қызықты ойындар, көңілді билер мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Әр бүлдіршіннің жүзінен шаттық пен қуаныштың лебін көру – біз үшін ең үлкен марапат.
Балалық шақ – ең бақытты әрі ұмытылмас кезең. Сол себепті әр күнімізді балалар үшін ерекше, жарқын әсерге толы етіп өткізуге тырысамыз. Бүгінгі мереке бүлдіршіндеріміздің жүрегінде ұзақ сақталатын әдемі естелік болып қаларына сенімдіміз.
Балалардың жарқын күлкісі ешқашан сөнбесін, әр күні осындай шаттық пен қуанышқа толы болсын!
“Қарлығаш” және “ Еркемай” мектепалды тобы.






