Бүгін біздің балабақшада Ұлттық валюта күніне орай ерекше «Кішкентай сатып алушылар» атты ойын өткізілді! 

Ойын барысында балалар өздерін нағыз сатып алушылар ретінде сезінді
ойыншық дүкенге барып, өз таңдауларын жасап, ойын теңгелерімен төлем жасады. 

Бұл ойын арқылы бүлдіршіндер:
сатып алу мен сату ұғымдарын түсінді;
ақшаны дұрыс санауды және төлем жасауды үйренді;
қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын дамытты.

Балалар үлкен қызығушылықпен ойнап, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізді! 
“Ақбота” ересек тобы
Тәрбиеші:Байділдақызы А.