“Адал азамат” бағдарламасы аясында “ Аталар мектебі”
Ата мен немеренің арасындағы бұл көрініс - ұлттық тәрбиенің жарқын үлгісі. Атасы немересіне домбыраның қыр-сырын үйретіп, күйдің мәнін түсіндіру арқылы тек өнерді ғана емес, ата-бабадан қалған асыл мұраны жеткізіп отыр. Немере үлкеннің әр қимылын зейінмен бақылап, саусақ басуын қайталап, домбыраның үнін сезінуге талпынады. Бұл сәт - ұрпақтар сабақтастығының, құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі. Домбыра үні арқылы ата мен немере арасындағы рухани байланыс нығайып, ұлттық құндылықтар жүректен жүрекке жетеді.
“Ақбота” ересек тобы тәрбиеленушісі Данабек Сұлтан-Әли.
Тәрбиешілері:Жумабаева Г.С
Байділдақызы А.






