“Адал азамат” бағдарламасы аясында “Аналар мектебі”
Шашбау тағу - қазақтың ұлттық дәстүрлерінің бірі. Ол қыз баланың сұлулығын айқындап қана қоймай, оның тәрбиелі, ибалы болып өсуіне мән берілгенін білдіреді. Бұл көрініс - ана мен қыз арасындағы сүйіспеншіліктің, нәзіктіктің, ұлттық құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанының айқын дәлелі.
Анасы қызының шашын өріп, шашбау тағып отыр - бұл мейірім мен нәзіктіктің көрінісі. Анасы әр тал шашты ұқыппен тарап, әсем өрім жасап, қызына көрік беріп қана қоймай, оған тазалық пен сұлулықтың мәнін үйретуде. Қызы анасының жанында еркелеп отырып, оның жылуын сезінеді. Бұл сәт - ана мен бала арасындағы махаббат пен қамқорлықтың, ұлттық дәстүрдің әдемі жалғасы.
“Ақбота” тобының тәрбиеленушісі Ахмед Райяна
Тәрбиешілері:Жумабаева Г.С
Байділдақызы А.






