“Адал азамат” бағдарламасы аясында өткізілген “Аналар мектебі”
Тарақтың әр қозғалысы ана мейірімін сездіріп, қыздың жанын тыныштыққа бөлейді. Шаштың әр талына ұқыптылықпен қарап, оны бірнеше бөліп, шеберлікпен өріп шығады. Бұрым бірте-бірте жинақы, әсем қалыпқа еніп, қыздың көркін аша түседі.
Өріп болған соң, анасы арнайы дайындаған күмістей жарқыраған, моншақтары мен қоңыраушалары бар шашбауды алып, бұрымның ұшына тағып қояды. Шашбау қозғалған сайын сыңғырлап, нәзік әуен шығарып, қыздың сұлулығын айшықтай түседі. Бұл дыбыс тек әшекей емес, қазақы тәрбиенің, инабаттылықтың белгісіндей әсер қалдырады.
“Ақбота” ересек тобының тәррбиеленушісі Рахмет Нұрсыйла.
Тәрбиешілер:Жумабаева Г.С
Байділдақызы А.






