«Адал азамат - біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балабақшамызда «Аналар мектебі» жұмысы жүргізілуде.
Бүгінгі бейнероликте ана мен бала арасындағы жылылық, мейірім мен тәрбие көрініс тапты. Қыз баланың шашын тарап, өріп беру арқылы аналарымыз қыздарға ұқыптылықты, тазалықты, әдептілікті үйретудің маңызын көрсетті. Әрбір ана - баласының алғашқы тәрбиешісі, ал әрбір іс-әрекеті - өмірлік үлгі.
Осындай қарапайым сәттердің өзі - үлкен тәрбиенің негізі.
Бірлесе тәрбиелеген ұрпақ - болашақтың адал азаматы!
Ортаңғы “Балапан” тобының тәрбиеленушісі Кенжебек Назерке анасы Гүлдерай Ақанқызымен.
Тәрбиешілер:Оразова Б.Т. Умирбаева К.Б.






